Текст
Байтерек негізгі мектебінің кітапханасында «Мейірім төккен ана» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 7 – 8 сыныптар арасында Сара Алпысқызының өмірі мен шығармашылығы, еңбектері оқушыларға насихатталды. Көрменің мақсаты: Оқушылардың бойына мейірімділікті, адамгершілікті, қайырымдылықты қалыптастырып, өзін-өзі тануға тәрбиелеу. Кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, стенд және альбомдармен, кітап және өзін-өзі тану (самопознание) журналдары қойылды.